Тоқаев Тұңғыш Президент туралы заңды неліктен өзгерткенін түсіндірді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатында Тұңғыш президент туралы заңдарға неліктен өзгеріс енгізілгенін түсіндірді.
Бұл түсінікті нәрсе. Бұрын осындай заңдар қабылданды, қазіргі таңда олардың қажеттілігі шамалы. Оны ашық айту керек. Келешекте осындай заңдар қабылдаудың қажеті жоқ деп есептеймін. Бұрын олқылықтар болса да, бұл – біздің тарихымыз. Бәріміз тарихтан сабақ алуымыз керек. Біздің мақсатымыз – еліміздің болашағы, өскелең ұрпақтың қамы туралы ойлау. Басқа сөз жоқ,-деді Тоқаев.
Айта кетсек, жақында президент Тұңғыш Президент туралы заңға енгізілген өзгертулерге қол қойды. Ол заңмен Елбасының бірқатар өкілеттілігі тоқтатылды. Онда Қауіпсіздік Кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқару және басқа да баптар бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Президент: Қазақ журналистикасының деңгейі жоғары екені күмәнсіз
Өзгелердің жаңалығы