Бүгiн 2026, 12:01 Фото: Ақорда

Тоқаев Трампты құттықтады

Ақорда мәліметінше, Мемлекет басшысы Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін растады.

Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдады.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігіне 250 жыл толуымен құттықтады.

Президент Америка халқының еркіндік, теңдік және әділдік қағидаттарына бейіл екенін паш ететін бұл айтулы күннің айрықша тарихи маңызына назар аударды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы қазақ-америка қатынастарының қарқынды дамуына Президент Трамптың қосқан үлесін атап өтіп, стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас АҚШ халқына бақ-береке тіледі.