Тоқаев торғайлықтардың жағдайына әсер ететін жобаны бастауды тапсырды
Мемлекет басшысы бұл туралы Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Президент отырыста маңызды инфрақұрылымдық жоба қолға алынатыны туралы жариялады.
Мен Үкіметке Астанадан Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне тура шығатын автокөлік жолының құрылысын бастауды тапсырдым. Жаңа күре жол орталық және батыс аймақтардың арасын 560 шақырымға қысқартады. Бұл – тұтас Торғай өңірінің дамуына тың серпін беретін ауқымды жоба, - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұдан бөлек Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіріп, жаңа аэровокзал салған жөн. Бұл жоба ішкі көлік қатынастарын едәуір жақсартады.
Сондай-ақ орталық аймақтағы ауыл шаруашылығы жерлерін игеруге және мал шаруашылығын дамытуға тың серпін береді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев еліміздің қай салада мүмкіндігі жоғары екенін атады
Өзгелердің жаңалығы