Тоқаев Тәжікстан Президентін әуежайдан шығарып салды

Бұл туралы Ақорданың баспаөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталған Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды әуежайдан шығарып салып, жылы қоштасты, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденін табыс етті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы