5 Желтоқсан 2024 2024, 15:02 Фото: Ақорда

Тоқаев Таиланд королін Ұлттық мерекемен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд Королі Маха Вачиралонгкорнды Ұлттық мерекемен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд Королі Маха Вачиралонгкорнды Ұлттық мерекемен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті жеделхатында Таиланд корольдігінің халықаралық аренада және әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай табысқа қол жеткізгенін атап өтті, - делінген Ақорда хабарламасында.

Сонымен қатар Президент Таиланд корольдігімен дәстүрлі достық пен мазмұнды саяси диалогқа негізделген ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейіл екенін жеткізді.