Тоқаев Станислав Засьпен телефон арқылы сөйлесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
ҰҚШҰ баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов мәлім еткендей, Қазақстандағы жағдай және Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің елдегі жағдайды қалыпқа келтіру үшін ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерін осы елге жіберу туралы шешімін іске асыру барысы талқыланды. Беларусь президенті Қазақстанды толықтай қолдайтынын хабарлады.
Қ. Тоқаев өз кезегінде Ұйымға дағдарысты еңсеруге көмек көрсеткені және ҰҚШҰ ҰҚК жібергені үшін алғыс айтты.
Еске салайық, ҰҚШҰ ҰҚК негізгі міндеті - маңызды мемлекеттік және әскери объектілерді күзету, жағдайды тұрақтандыруда ҚР құқықтық тәртіп күштеріне ықпал ету және оны құқықтық алаңға қайтаруға жәрдем көрсету.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шетелден қанша қазақстандық елге орала алмай отыр?
Өзгелердің жаңалығы