17 Наурыз 2025 2025, 15:56
Фото: Ақорда
Тоқаев Солтүстік Македония президентіне көңіл айтты
Кочани қаласында болған өрттен 59 адам қаза тапты.
Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Республикасының президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Кочани қаласында болған өрттен көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өз атынан Солтүстік Македония президенті Гордана Силяновска-Давковаға және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтып, жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді, - делінген Ақорданың хабарламасында.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Солтүстік Македонияда түнгі клубтағы өрттен 59 адам қаза болды.