Тоқаев Словения президентін құттықтады

Мемлекет басшысы Словения президенті Наташа Пирц-Мусарға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Наташа Пирц-Мусарды Словенияның ұлттық мерекесі – Мемлекеттілік күнімен құттықтады.

Астана мен Любляна арасындағы саяси диалогтың, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың аясы жылдан-жылға кеңейіп жатқанын ризашылықпен атап өтемін. Сіздің биылғы көктемде Астанаға жасаған ресми сапарыңыздың қорытындыларын жоғары бағалаймын. Біз қол жеткізген уағдаластықтар қазақ-словен сан қырлы ықпалдастығын жаңа деңгейге көтереді деп сенемін, – делінген жеделхатта.

Еске салсақ, Президент Қатар мемлекетінің әмірімен телефон арқылы сөйлескенін хабарладық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргідей қиын-қыстау жағдайда еліміз Қатар халқын қолдайтынын жеткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы