29 Шілде 2026, 09:03

Тоқаев СІМ басшысының жаңа орынбасарын тағайындады

Президент Сыртқы істер министрінің жаңа орынбасарын тағайындады. Жаңа вице-министрдің дипломатиялық тәжірибесі мен еңбек жолы қандай?

Мемлекет басшысының өкімімен Арман Қайратұлы Исағалиев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысының өкімімен Арман Қайратұлы Исағалиев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, - делінген Ақорданың хабарламасында.

Арман Исағалиев – тәжірибелі дипломат, Төтенше және өкілетті елші. Ол 1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетін тәмамдаған, сондай-ақ Мароккодағы Сиди Мұхаммед бен Абдалла университетінде және Мысыр Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық институтында білім алған. 

Еңбек жолын 1994 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқытушы болып бастаған. Кейін ҚР Ұлттық ғылым академиясының Шығыстану институтында ғылыми қызметкер болды. Дипломатиялық қызметте Қазақстанның Мысырдағы және Сауд Арабиясындағы елшіліктерінде, Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығында, сондай-ақ Қазақстанның Дубайдағы Бас консулы қызметтерін атқарды. 

2017-2020 жылдары Қазақстанның Мысырдағы Төтенше және өкілетті елшісі болды, Алжир мен Тунисте қоса атқарушы елші қызметін атқарды. Ал 2020 жылдың қыркүйегінен бастап осы тағайындауға дейін Қазақстанның Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған.