Бүгiн 2026, 20:32 Фото: Ақорда

Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы ҚХР төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Шаньси өлкесіндегі көмір шахтасында болған газ жарылысы салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Си Цзиньпинге және барша Қытай халқына көңіл айтты.

Президент жарақат алғандардың тез арада сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

Еске салайық, бұған дейін Қытайда көмір шахтасындағы апаттан бірнеше адам қаза тапқаны туралы жаздық.