Тоқаев "ШЫҰ+" кездесуінде cу тасқыны жөнінде айтты

Мемлекет басшысы "ШЫҰ+" форматындағы кездесуде Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткергенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі кезде экология саласындағы ынтымақтастық пен климаттың өзгеруіне қарсы күрес ерекше өзектілікке ие. Бұл саладағы жағдай үлкен алаңдаушылықты тудырады. Біз барлық дерлік елдерге үлкен шығын әкеліп жатқан әртүрлі табиғи катаклизмдердің айтарлықтай өсуінің куәсі болдық. Жақында Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді, - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы, мамандардың айтуынша, бұл табиғи апаттың масштабтары ғаламдық жылынумен тікелей байланысты екенін жеткізді.

Климаттық қиындықтарды жалғыз жеңу мүмкін емес екені анық. Әлемдік қауымдастық экономиканы декорбанизациялауды барлық мемлекеттерді дамыту мен жаңғыртудың өзекті міндеттеріне нұқсан келтірместен жалғастыруы керек. Біз климаттық күн тәртібі мәселелері бойынша ынтымақтастығымызды алдағы қараша айында Бакуде өтетін COP29 конференциясы аясында көрсете аламыз, - деді ол.

Айта кетейік, "ШЫҰ+" форматындағы кездесу Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекет басшылары кеңесінің XXIV отырысы аясында өтіп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы