Тоқаев Швейцария президентіне көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Кран-Монтана тау-шаңғы курортындағы өрт салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Швейцария Конфедерациясының президенті Ги Пармеланға көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Қазақстан Президенті жақындарынан айырылған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, жарақат алған адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді. Сондай-ақ еліміз осы қиын-қыстау сәтте Швейцария халқын қолдайтынын жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін Швейцарияда тау шаңғысы курортында жарылыс болып, бірнеше адам қаза тапқаны туралы жаздық.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы