1 Тамыз 2026, 12:44
Фото: Ақорда
Тоқаев Швейцария президентін құттықтады
Мемлекет басшысы екі ел арасындағы сауда, инвестиция, қаржы және білім салаларындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Мемлекет басшысы Швейцария президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.
Ақорда таратқан мәліметке сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев Ги Пармеланды Швейцария Конфедерациясының Ұлттық күнімен құттықтады.
Бұл атаулы күн Швейцарияның бай тарихи мұрасын танытып, демократиялық тұғырының беріктігін және елдің бейтараптық қағидаттарға ұдайы бейіл екенін көрсетеді, – деп жазылған жеделхатта.
Президент Қазақстан Швейцариямен достыққа және өзара құрметке негізделген сан қырлы ынтымақтастықты жоғары бағалайтынына тоқталды. Сондай-ақ сауда, инвестиция, қаржы және білім салаларындағы ықпалдастықтың оң динамикасын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ги Пармеланның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Швейцария халқына құт-береке тіледі.