28 Қазан 2023 2023, 20:38 Фото: Ақорда

Тоқаев шет мемлекеттер басшыларына көңіл айтып, қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы қайғылы оқиғаға орай көңіл айтқан барлық шет мемлекеттер басшылары мен қазақстандықтарға ризашылығын білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қаза болған кеншілердің отбасыларына көңіл айтып, осынау қиын сәтте жылы лебіздерін жолдап, қолдау көрсеткен мемлекеттер басшыларына, қоғам қайраткерлеріне, азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін, – деп жазды Мемлекет басшысы Х парақшасында.