Бүгiн 2026, 11:54 Фото: Ақорда

Тоқаев Сербия Президентін Ақордада қарсы алды

Ақордада Сербия Президенті Александр Вучичті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Ақордада Сербия Президенті Александр Вучичті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекеттер басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды.

Содан кейін Қазақстан мен Сербия президенттері келіссөз залына барды.