Тоқаев Щучьедегі студенттің өлімін жан-жақты тексеруді тапсырды
Мемлекет басшысы Ішкі істер министріне Ақмола облысының Щучье қаласында болған студенттің өліміне қатысты барлық мән-жайды жан-жақты тексеруді тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдейді.
Кінәлілер заң талаптарына сай жауапқа тартылуы керек, - деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, Президент бұл мәселені ерекше бақылауға алды.
Еске салсақ, биыл 7 қазанда Ақмола облысы "Бурабай-Жамантұз" теміржол өткелінде студенттің денесі табылды. Артынша ҚР ҚК 344-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.
Кейіннен қаза болған студенттің анасы видео түсіріп, Мемлекет басшысы мен министрге үндеу жолдады. Баласынан айырылған әйел Президенттен баласының өлімін жіті тексеруді. Аймақта ақша бопсалайтын қылмыстық топтың бар екенін айтқан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде доллар мен еуро бағамы өзгерді
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы