Бүгiн 2026, 15:51 Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Тоқаев Сбербанк басшысын қабылдап, банк саласы мен ЖИ мәселелерін талқылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сбербанк басшысы Герман Грефпен кездесіп, қаржы мен цифрландыру мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сбербанктің басқарма төрағасы Герман Грефті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Кездесуде банк саласын дамытудың өзекті мәселелері, қазіргі геосаяси жағдайдың аймақ елдері экономикасына әсері, сондай-ақ қаржы секторында цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні қолдану перспективасы талқыланды, - делінген Ақорданың хабарламасында.