Тоқаев Самарқанд қаласында өтетін ШЫҰ кеңесіне қатысады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанд қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдейді.
Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарды қабылдау жоспарланып отыр.
Өзбекстанда Президент басқа елдердің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы