Тоқаев Саида Мирзиёеваны қабылдады: Қазақстан мен Өзбекстанда жаңа бағыт
Тоқаев Саида Мирзиёеваны қабылдады: Қазақстан мен Өзбекстанда жаңа бағыт
Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёеваны қабылдады.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваның сапары Астана мен Ташкенттің стратегиялық серіктестігін ілгерілету тұрғысынан ерекше мәнге ие екенін атап өтті.
Сіздің сапарыңыз Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ортақ ынтымақтастықты дамыту үшін өте пайдалы болады деп санаймыз. Біздің саяси жүйелерімізде президент әкімшіліктері айрықша рөл атқарады. Мен әкімшіліктер арасындағы жұмыс қатынастарының жанданғанын әрдайым қолдаймын. Бір-бірімізбен байланыстарымыз артқан сайын Орталық Азиядағы тұрақтылық, өңірлік ықпалдастық нығая түседі. Өйткені Қазақстан да, Өзбекстан да тұтас көрсеткіштер бойынша ірі мемлекеттер саналады. Елдеріміз қазір дамудың бетбұрыс кезеңінде тұр. Бізге бейбітшілік пен қауіпсіздік қажет. Сонда ғана реформаларды сәтті іске асыра аламыз, – деді Президент.
Мемлекет басшысы 2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланғанына тоқталды.
Мен Бұхараға жасаған жұмыс сапарымды ризашылықпен еске аламын. Біз Өзбекстанның көптеген салада, соның ішінде жасанды интеллектіні енгізу мен цифрландыру бағытында қол жеткізген табыстарымен танысуға мүмкіндік алдық. Әлем жасанды интеллектіні қарқынды түрде дамытуға бет бұрды. Осы орайда біз де қазіргі заман ағымына ілесе білуіміз керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевке жылы лебізін жолдады.
- Суданда алтын кеніші опырылып, кемінде 67 адам қаза тапты 05:17
- Сауд Арабиясы Оман арқылы мұнай жеткізілімін арттырмақ: Мұнай бағасы төмендеді 04:26
- Аяз, жаңбыр және тұман: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды 03:41
- Еурокомиссия басшысы Канаданы ЕО-ның «қауымдастырылған мүшесі» етуді ұсынды 02:35
- Алматы облысында заңсыз қоқыс полигонында ірі өрт шықты 01:28
- Сауалнама нәтижесі: Әлемде АҚШ-тың жаһандық көшбасшылығына қолдау төмендеді 00:31
- Астанада оқушылар кітапты ЖИ-мен бірге талқылайтын жоба іске қосылды 16.09.2026