Тоқаев Рим папасына: Сіздің үндеуіңіз миллиондаған адамға үміт сыйлады

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ватикан басшысы, Рим Папасы Францискке елімізге арнайы ат басын бұрып, съездің жұмысына белсене араласқаны үшін алғыс айтты.  

Мен алқалы жиынға арнайы келген әлемдік деңгейдегі рухани көшбасшыларға арнайы алғыс айтамын. Мен Қазақстан халқының атынан сіздерге, ұлы мәртебелі Папа Францискке осындай тарихи сапары үшін және съездің жұмысына белсене қатысқаны үшін алғысымды білдіремін. Сіздің қуатты үніңіз әлемнің көптеген миллион адамы үшін жүректеріне сенім ұялатады деп сенемін. Қазақ халқының және жеке өз атымнан тағы да шынайы алғыс білдіремін. Съез жұмысына өзіңіздің белсене қатысуыңыз біз үшін зор мәртебе. Сіздің әлем жұртшылығына арналған үндеуіңіз жер жүзіндегі миллиондаған адамға үміт пен сенім сыйлағаны анық, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, бүгін астанада екінші күн қатарынан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі өтті. Қорытынды жасалған соң съез салтанатты түрде жабылды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы