Тоқаев ресми сапармен Италия және Ватикан мемлекеттеріне барады

Мемлекет басшысы 18-19 қаңтар күндері Италия және Ватикан мемлекеттеріне ресми сапармен барады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев сапарының алғашқы күні Рим қаласында Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді. Сонымен қатар Президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр. Мемлекет басшысы келесі күні Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі. Бұдан бөлек, Президент БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) және Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының (WFP) штаб-пәтерлеріне барады, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы