19 Желтоқсан 2025 2025, 17:37
Фото: Ақорда
Тоқаев ресми қабылдауға қатысу үшін Акасака мемлекеттік сарайына келді
Тоқаев Жапония Премьер-министрінің атынан ресми қабылдауға қатысу үшін Акасака мемлекеттік сарайына келді
Қазақстан Президенті Жапония Премьер-министрінің атынан Орталық Азия елдері басшыларының құрметіне арналған ресми қабылдауға қатысу үшін Акасака мемлекеттік сарайына келді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Санаэ Такаичи қарсы алды.
Мемлекет басшысы ертең «Орталық Азия – Жапония» диалогының бірінші саммитіне қатысады.