Тоқаев ресейлік «Лукойл» мұнай компаниясының президентімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы ресейлік «Лукойл» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Вагит Алекперов Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның Қазақстандағы жүзеге асырып жатқан жобалары туралы айтты. Олар мұнай-газ саласындағы өзара ықпалдастықтың келешегін талқылады.Қазақстан президенті еліміздің энергетика секторын дамыту ісіндегі «Лукойл» компаниясының үлесін жоғары бағалады.
"«Лукойл» – біздің стратегиялық инвестициялық серіктесіміз. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сіздің компаниямен арадағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән берді. Біз ұзақ уақыттан бері бір-бірімізді білеміз. Сондықтан осы жемісті ынтымақтастықтың табысты болатыны сөзсіз деп ойлаймын", – деді Мемлекет басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада қаламгерлер орталығы ашылуы мүмкін
Өзгелердің жаңалығы