12 Маусым 2025 2025, 09:12 Фото: - архив

Тоқаев Ресей президентін құттықтады

Мемлекет басшысы Ресей президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы Ресей президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді осы елдің мемлекеттік мерекесі – Ресей күнімен құттықтады.

Елдеріміздің арасындағы достық және тату көршілік қатынастардың деңгейі жоғары. Бұл стратегиялық серіктестік және одақтастық рухына толықтай сай келеді, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің елінің өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.