28 Мамыр 2025 2025, 22:17 Фото: akorda.kz

Тоқаев Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында сауда-экономика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Президенттер екі ел арасындағы достыққа, тату көршілікке және одақтастыққа негізделген мемлекетаралық байланыс қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.