Тоқаев Қазақстандағы Ресей елшісін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігінің қазіргі ахуалы мен даму перспективалары талқыланды.Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қатынастардың даму қарқынына оң баға беріп, ықпалдастықтың барлық бағыты бойынша, атап айтқанда, сауда-экономика, инвестиция, өнеркәсіп және мәдени-гуманитарлық салаларында ілгерілеу байқалатынын атап өтті.
Алексей Бородавкин жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысы, сондай-ақ, елшіліктің екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты нығайту бағытында атқарып жатқан қызметі туралы мәлімет берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тайвандық-қазақстандық консорциум "ҚазАвтоЖолға" қаржы құймақшы
Өзгелердің жаңалығы