Тоқаев Қырғызстанға жұмыс сапарымен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше елдердің мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Қырғызстан Республикасына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысын Бішкек халықаралық әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды.

Бүгін Бішкек қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы