Тоқаев Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Президенттер екіжақты ықпалдастық қарқынды түрде дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар жоғары деңгейде, соның ішінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 21-22 тамызда Қырғызстанға жасаған ресми сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықты жүзеге асыру барысын талқылады.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтап, бауырлас қырғыз халқының игілігі жолында атқарып жатқан мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Мемлекет басшысы Қырғызстан президентінің екі елдің достық, тату көршілік және өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастығын кеңейтуге қосқан елеулі үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы