Тоқаев Құлекеевті қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Мемлекет басшысы белгілі экономист Жақсыбек Құлекеевті қабылдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президентке жаһандық геосаяси дағдарыс жағдайында ұлттық экономиканы дамыту, сондай-ақ мұнай-газ секторының рөлін күшейту жөнінде ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар белгілі экономист және қоғам қайраткері Жақсыбек Құлекеев Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары туралы өзінің көзқарасын айтты.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы