«Тоқаев қоры» әлеуметтік көмек көрсетеді – фейк

Әлеуметтік желілерде  "Қ.Тоқаев атындағы әлеуметтік қордан" әлеуметтік көмек көрсету туралы жарлыққа қол қойылғаны туралы ақпарат таралуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Хабарламаға сәйкес, бұл көмек мұғалімдерге, медицина қызметкерлеріне және мемлекеттік қызметкерлерге ұсынылады. Бұл – жалған ақпарат. Іс жүзінде Қазақстан президенті атындағы әлеуметтік қор жоқ, – делінген stopfake.kz хабарламысында.

Елімізде президенттіің тапсырмасы бойынша құрылған, бірақ оның есімімен аталмайтын "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қоры бар. Қор қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарға қол ұшын созады. Көмек үміткерге ресми сайт арқылы берілген өтініші мақұлданғаннан кейін ғана ұсынылады. Әдетте, жәрдем ақшалай емес түрде көрсетіледі. Қор емделуге, оқуға, дәрілік заттарды сатып алуға қаржы береді.

Мұндай хабарламалар – алаяқтардың ісі, жеке деректерді иемденудің амалы. Бұған дейін қазақстандықтарға "Қазақстан халқына" қоры қызметкерлерінің атынан қоңыраулар түсіп, көмек ұсынылған болатын. Қор өзінің ресми сайтында бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы