27 Қыркүйек 2026, 09:03
Фото: www.gov.kz
Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен босатылды
Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрін қызметінен босатты.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.
Еске салайық, Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі болып 2025 жылы 8 маусымда тағайындалған. Кейін министр лауазымына 3 қыркүйекте қайта тағайындалған болатын.