Тоқаев Қазақстанның Ирандағы елшісін қызметінен алып тастады

Асхат Оразбай қызметінен кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Тұтқышбайұлы Оразбай Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.

Асхат Оразбай 1960 жылы 2 желтоқсанда дүниеге келген. Үйленген, екі баласы бар. Білімі жоғары. В.Ленин атындағы Ташкент Мемлекеттік университетін тәмамдаған. Оның еңбек өтілі келесідей:

1985-1990 ж.: Қырғыз КСР Мемлекеттік теледидары комитетінде редактор.

1990-1992 ж.: Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің Шығыстану факультетінің оқытушысы.

1992 жылдан Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жүйесінде.

1992-1994 ж. ҚР СІМ Таяу, Орта Шығыс және Африка елдері басқармасының Екінші хатшысы, Бірінші хатшысы.

1994-1999 ж. Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігінің Бірінші хатшысы, Кеңесшісі.

1999-2001 ж. ҚР СІМ Екіжақты ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары.

2001-2002 ж. Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстан жөніндегі Арнайы Миссиясының сарапшысы.

2002-2003 ж. ҚР СІМ Азия, Таяу Шығыс және Африка елдері департаментінің директоры.

2004 ж. ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі.

2004-2006 ж. Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы.

2006-2008 ж. ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі - Қазақстан

Республикасының Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестірушісі.

2008-2012 ж. Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2012 қаңтар - 2019 ж. Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

2015-2019 ж. Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.

2019 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы