Тоқаев Қазақстанның Авраам келісімдеріне не үшін қосылғанын түсіндірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан түрлі халықтар мен дін өкілдері арасындағы татулықты басты құндылық санайтынын айтып, елдің сыртқы саясаты тәуелсіздік, аумақтық тұтастық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Біз түрлі халықтар мен дін өкілдері арасында татулық болғанын қалаймыз. Сол себепті осы келісімге қосылғанымыздың мән-мағынасы ерекше. Бұл шешім – еліміздің халықаралық беделіне оң серпін береді. Қазақстан – жауапкершілігі жоғары орта держава. Жер көлемі бойынша Ислам әлеміндегі аса ірі мемлекет. Біз баршаға түсінікті, яғни ақылға қонымды әрі әділ саясатты жақтаймыз. Осы ұстанымды әрдайым сақтаймыз. Сыртқы саясаттағы іс-әрекетіміздің бәрі бір ғана мақсатты көздейді. Ең бастысы, Қазақстан жерінің тұтастығы, қауіпсіздігі мен егемендігімін қамтамасыз етуіміз қажет. Қазақ мемлекетінің басшысы ретінде мен үшін тәуелсіздік бәрінен қымбат!, – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өскемендегі жылу жайы: Неге батарея ыстық, ал үй салқын?
Келесі жаңалық
Мейіргүл Жетпісбаева: Квотасыз сайлау – демократияға қадам
Өзгелердің жаңалығы