Тоқаев: Қазақстанда алғашқы АЭС құрылысы басталды, жаңа мамандар даярлануда
Қасым-Жомарт Тоқаев МИФИ ректоры Владимир Шевченкомен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қасым-Жомарт Тоқаев МИФИ ректоры Владимир Шевченкомен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысы «Мәскеу инженерлік-физикалық институты» ұлттық ядролық зерттеу университетінің ректоры Владимир Шевченкомен әңгімелесу барысында еліміз үшін ядролық энергетиканың стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы Қазақстанда «Росатом» бастаған халықаралық консорциумның қатысуымен алғашқы АЭС құрылысын жүргізу қолға алынғанына тоқталды. Бұдан бөлек, тағы бірнеше станса салу жоспарланып отыр, - делінген Ақорданың хабарламасында.
2022 жылы Алматыда МИФИ филиалы ашылды. Оқу орнынан алғашқы магистрлер түлеп ұшты.
Президенттің пікірінше, бұл ядролық энергетика саласында біліктілігі жоғары маман даярлауға септігін тигізеді.
МИФИ ядролық ғылымды дамытуда және атом мамандарын даярлауда әлемдегі жетекші орталықтардың бірі ретінде танылған.
- Қазақстанда АЭС құрылысы ілгеріледі: алғашқы алаңда дайындық жүріп жатыр 05:25
- Финляндияда адам тұрмайтын арал толықтай жанып кетті 04:45
- Си Цзиньпин Ормуз бұғазы бойынша мәлімдеме жасады 03:25
- Атырауда 5,1 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды 02:13
- Қазақстандықтар ел ішіндегі сапарларға 659,2 миллиард теңге жұмсаған 01:45
- Халықаралық дзюдо федерациясы Grand Slam турниріне қатысатын балуандардың алдын ала тізімін жариялады 00:22
- Жапонияның солтүстік-шығысында жойқын жер сілкінісі болды 20.04.2026