30 Тамыз 2025 2025, 09:00
Фото: Ақорда
Тоқаев Қазақстан-Қытай достығы мен ынтымақтастығы туралы айтты
Қытайдың ағылшын тілді танымал Сhina Daily газетінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Strong Kazakh-Sino ties key to successful cooperation" ("Қазақстан мен Қытайдың берік қарым-қатынасы – табысты ынтымақтастық кепілі") атты мақаласы жарық көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды.
Мақалада Қазақстан мен ҚХР арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамыту, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымының әлеуетін нығайту тақырыптары қозғалған.
Газеттің дүниежүзілік таралымы – 700 000 дана.
Басылымның газет, онлайн және мобильді нұсқаларын әлем бойынша 350 миллионнан астам адам оқиды.