19 Сәуір 2024, 14:13
Фото: Ақорда
Тоқаев Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы су мәселесі қалай шешілетінін айтты
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанмен бірқатар құжатқа қол қойғаннан кейін БАҚ өкілдеріне берген мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанмен бірқатар құжатқа қол қойғаннан кейін БАҚ өкілдеріне берген мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Президент Қазақстан мен Қырғызстан арасында су энергетика саласындағы қарым-қатынасты үйлестіру маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.
Соңғы жылдары трансшекаралық су ресурстарын тиімді әрі әділ пайдаланудың өзектілігі арта түсті. Осы орайда өзара үйлесімді жұмысты жалғастырамыз деп келістік. Бұл бағыттағы түйіткелдерді тезірек шешу үшін бірлескен шаралар қабылдау қажет. Сондықтан мемлекетаралық су шаруашылығы құрылымдарының жұмыс кестесін жақын арада бекітуге және оны уақытылы орындауға уағдаластық, - деп айтты Тоқаев.
Мемлекет басшысы Қазақстан барлық міндеттемені толық орындауға және маңызды жобаларды бірлесе іске асыруға дайын екенін жеткізді.
- Саин көшесінде жылдамдық шектелді: Әл-Фараби даңғылында да өзгеріс бола ма? 12:53
- Көршісі күдікке ілінді: Атбасарда әйел үйінен ауыр пышақ жарақатымен табылды 12:46
- Мектеп оқушылары қашан және қанша күн демалады? – Оқу жылының жаңа кестесі жарияланды 12:35
- Таиландтағы мектепте атыс жасаған жасөспірім қару ұстауды әлеуметтік желідегі видеолар арқылы үйренген 12:23
- Алматыда жол қопарылып жатыр: Полиция оқу жылы қарсаңында не істемек? 12:17
- Қазақстанда +44°С-қа дейін аптап ыстық қайта күшейеді: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады? 12:10
- Алматыда самокатшыларға «Сергек» бақылауы күшейеді: Камералар айыппұл жібере бастайды 12:01