Тоқаев Қазақстан мен ДДҰ арасындағы келісімді ратификациялады

Президент Тоқаев Қазақстан мен ДДҰ арасындағы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы «Астанада (Қазақстан Республикасы) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік комитетінің жетпіс үшінші сессиясын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды,- делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы