Тоқаев: Қазақстан Италияға мұнай экспортын арттыра алады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Орталық Азия – Италия” алғашқы саммитінде энергетика мен сирек жер металдары саласындағы әріптестік туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол Италиямен ынтымақтастықты тереңдетуге Қазақстанның толық дайын екенін атап өтті.

Тоқаевтың айтуынша, энергетика саласы Қазақстан мен Италия арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың басты бағыты болып отыр.

Қазақстан Еуропалық Одаққа мұнай экспорттайтын үш ірі елдің бірі. Былтыр Италия нарығына 30 млн тоннадан астам мұнай жөнелтілді. Бұл бір жылғы бұрынғы көрсеткіштен 27 пайызға жоғары. Қажет болған жағдайда біз бұл көлемді одан әрі арттыруға дайынбыз, – деді Мемлекет басшысы.

Президент Қазақстан мен Италия арасындағы өнеркәсіптік кооперацияны күшейту маңызды екенін айтты. Бұл әсіресе сирек жер металдары саласында үлкен әлеуетке ие.

Қазақстан сирек жер металдарының мол қорына ие. Біз осы салада Италиямен бірлесіп жұмыс істеуге әзірміз. Бұл – болашағы зор бағыт, – деді Тоқаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстанның аймақтағы сирек металл кен орындарына қатысты барлық өзекті деректерді біріктіретін өңірлік зерттеу орталығын құру бастамасын еске салды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы