Тоқаев: Қазақстан этникалық және діни өшпенділікті қатаң айыптайды
Мемлекет басшысы Израиль президенті Ицхак Герцогқа Халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күніне орай жеделхат жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақорданың баспасөз қызметі мәлім еткендей, Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қазақстан халқы Холокост жылдарында қаза болған миллиондаған жазықсыз құрбанды еске алатынын атап өтті.
Еліміз этникалық және діни өшпенділік пен зорлық-зомбылықтың кез келген түрін қатаң айыптайды, адамзатқа қарсы мұндай қылмыстың қайталануына жол бермеу жөніндегі халықаралық қоғамдастықтың ортақ күш-жігерін қолдайды. Қазақстан Холокост жылдарында жер аударылған көптеген еврейге мекен болды. Бүгінде еврей қауымдастығы қоғамымыздың ажырамас бөлігі саналады, – делінген жеделхатта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әуе компаниясы жолаушыға моральдық өтемақы төледі
Келесі жаңалық
Спортшылардың олимпиадаға киетін формасы сынға ұшырады
Өзгелердің жаңалығы