Тоқаев: Қатар - Қазақстанның араб әлеміндегі стратегиялық серіктестерінің бірі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекеттер басшылары шынайы достық пен өзара ынтымақтастық рухында дамып келе жатқан екіжақты қатынастардың жай-күйіне көңілдері толатынын айтты.
Сондай-ақ олар ең жоғары деңгейдегі ықпалдастық қарқынын сақтауға дайын екенін мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарды Қазақстанның араб әлеміндегі стратегиялық серіктестерінің бірі ретінде атап өтті.
Президенттің пікірінше, Қатар Әмірінің жуырдағы сапары және Астана халықаралық форумына қатысуы қазақ-қатар ынтымақтастығына тың серпін берді.
Әңгімелесу барысында екі ел басшылары бұған дейін қол қойылған келісімдер негізінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады, сонымен қатар серіктестікті одан әрі кеңейту бағыттарын айқындады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы