Тоқаев Қатар Әмірінің "Diwan Amiri" сарайына барды

Мемлекет басшысы Қатар Әмірінің «Diwan Amiri» сарайына барды. Резиденцияда Қазақстан Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. 

Қазақстан мен Қатардың әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы