Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сапар барысында мемлекет басшысы бірқатар индустриялық және әлеуметтік нысанмен танысады, деп хабарлады ҚР президентінің бас хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Қарағандыда президенттің төрағалығымен еліміздің индустриялық-инновациялық дамуы жөнінде кеңес өтеді.


«Бағдарламаға сәйкес түстен кейін сапар Жезқазғанда жалғасады. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев мыс балқыту зауытының жұмысымен танысады. 24 тамызда мемлекет басшысы Ұлытауда өтетін Халықаралық туризм форумына қатысады және ІІ «Жезкиік» халықаралық музыка фестиваліне барады», - деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы