Тоқаев: Қаңтар оқиғасы жылдар бойы қордаланып қалған мәселелерді әшкереледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ірі бизнес өкілдерімен кездесуі барысында айтты.

Қаңтарда болған қайғылы оқиғалар жылдар бойы қордаланып келе жатқан мәселелерді әшкереледі. Енді бүгінгі күні бүкіл қоғамдық құрылымды өзгертудің стратегиялық міндеті тұр, - деді Президент.

Тоқаев елімізге Қазақстан азаматтарының тілектері мен мүдделеріне жауап беретін нақты реформалар қажет екенін айтты. 

Ел өзгерді, азаматтарымыздың билікке, экономикалық жүйеге, жалпы өмірге деген көзқарасы өзгерді. 11 қаңтарда Парламентте атап өткенімдей, байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық жол беруге болмайтын деңгейге жетті. Сыбайлас жемқорлықтың фонында кірістің мұндай алшақтығын лаңкестер, содырлар және қастандық жасаушылар пайдаланып кетті, - деп айтты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, қазір тергеу жүріп жатыр, оның нәтижесі бүкіл әлем жұртшылығына белгілі болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы