25 Шілде 2026, 09:00
Фото: ©BAQ.KZ
Тоқаев Путиннің шақыруымен Омбыға барады
Мемлекет басшылары Қазақстан–Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында кездесу өткізеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев РФ президенті Владимир Путиннің шақыруымен Омбы қаласына сапармен барады.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Владимир Путиннің шақыруымен 25 шілде күні ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбы қаласына сапармен барады, - делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, іс-шара аясында мемлекеттер басшыларының кездесуі жоспарланған.