Бүгiн 2026, 20:07
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Тоқаев психологиялық қызметті реттейтін заңға қол қойды
Заңның толық мәтіні жақын уақытта жарияланады. Құжатта қандай негізгі нормалар қамтылған?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ақорданың мәліметінше, заңның толық мәтіні бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Айта кетейік, аталған заң психологиялық қызмет көрсету саласын құқықтық тұрғыдан реттеуге бағытталған. Құжатта психологтердің қызметіне қойылатын талаптар, кәсіби стандарттар мен психологиялық көмекті ұйымдастырудың негізгі қағидаттары айқындалған.