7 Маусым 2023 2023, 11:58 Фото: Архив

Тоқаев Президент Іс басқарушысының орынбасарын тағайындады

Абай Алтай Президент Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Абай Алтай Президент Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының өкімімен Абай Алтай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды, - делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Маржан Әбдіюсупқызы Әкімжанова Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды.