8 Қараша 2026, 19:34
Фото: ©BAQ.KZ архиві
Тоқаев Польша президентіне көңіл айтты
Мемлекет басшысы Краковтағы атыстан қаза тапқандарға байланысты Польша халқына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығуын тіледі.
Мемлекет басшысы Польша президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Краков қаласындағы атыс салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Польша президенті Кароль Навроцкийге көңіл айтты.
Мемлекет басшысы аталған қастандықты қатаң айыптап, Польша халқына қиын сәтте қолдау білдіретінін, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілеулес екенін жеткізді.