Тоқаев пен Юн Сок Ёль гала-концертті тамашалады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға дейін мемлекеттер басшылары Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының фойесіне қойылған «Ұлы дала алтыны» көрмесін аралап көрді.

Көрмеге алтыннан жасалған археологиялық тарихи жәдігерлер, соның ішінде басты экспонат ретінде Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның» реконструкцияланған киімі мен қару-жарағы қойылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақорда
Өзгелердің жаңалығы