Тоқаев пен Мелони Астана әуежайында аз-кем сұхбат құрды

Мемлекет басшысы мен Италия Премьер-министрі елорда әуежайында аз-кем әңгімелесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев  айтуынша, Италия Премьер-министрмен алдағы келіссөздер екіжақты қарым-қатынастарымызға тың серпін беруде маңызды.

Қазақстанда қарсы алу – біз үшін үлкен мәртебе. Алдағы келіссөздер екіжақты қарым-қатынастарымызға тың серпін беруде маңызды, тіпті, шешуші рөл атқаратынына сенімдімін. Италия – Қазақстанның Еуропадағы жетекші сауда серіктестерінің бірі. Кешелі-бүгін Астанада Италия бизнесінің көптеген өкілінің қатысуымен бизнес-форум өтті. Екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды дамытуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз, - деді Тоқаев. 

Ал Джорджа Мелони Қазақстанға алғаш рет келіп отырғанын және өте қуанышты екенін жеткізді.

Өзіңіз айтқандай, екі елдің қарым-қатынасы өте жақсы. Алайда бұданда жоғары нәтижеге қолжеткізуге әрдайым мүмкіндік бар. Біз Қазақстанды Италияның, сондай-ақ Еуропаның маңызды серіктесі ретінде қарастырамыз. Сонымен қатар қазіргі кезде Орталық Азия өңірі стратегиялық мәнге ие болды. Мемлекеттер басшылары деңгейінде бірінші "Италия Орталық Азия" саммитін ұйымдастырғаныңыз үшін Сізге ризашылығымды білдіремін.Бұл басқосу аймақпен қарым-қатынасымыздағы тарихи сәт болады деп ойлаймын. Қазіргі сындарлы кезеңде біз үшін барлық деңгейде ынтымақтастық орнату өте өзекті, – деді ол.

Еске салайық, бүгін, 2025 жылғы 29 мамырда Астанаға Италия премьер-министрі Джорджа Мелони келді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы