Тоқаев пен Ердоған үстел теннисін ойнады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған үстел теннисін ойнады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев түрік бауырын қазақ-түрік қатынастарын нығайтуға қосқан үлесі үшін  I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттаған еді

Бүгін Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған елімізге мемлекеттік сапармен келді. Қасында зайыбы Эмине Ердоған да бар. Оларды Астана әуежайында президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Түрік көшбасшысы елордада өтетін Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске қатысады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы